2016 жылғы 26 шілде, Астана қаласы
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес реттелетін нарықтар саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11768 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған);
2) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тексеру парақтарының насанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11782 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. БИШІМБАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
төрағасы _____________________ С. Айтпаева
2016 жылғы 26 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі №332 бұйрығына 1-қосымша
Табиғи монополиялар және реттелетін
нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1. Осы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 тіркелген).
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылған:
1) бақылау субъектісі – дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар, оның ішінде табиғи монополия субъектілері және (немесе) реттелетін нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) елеулі бұзушылықтар - табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында регламенттелген міндеттер мен шектеулерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
3) өрескел бұзушылық – бұл Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің алынған негізсіз кірісі (түсім);
4) табиғи монополияларға және реттелетін нарықтарға жатқызылған көрсетілетін қызметтерді (тауларларды, жұмыстарды) ұсыну саласындағы тәуекел – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зардап келтіру мүмкіндігі;
5) тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъекті (объект) қызметінің нәтижесіне қарай тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар;
6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
7) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды ғана қамтитын талаптар тізбесі;
8) шамалы бұзушылықтар – елеулі бұзушылықтарға жататын Заңның 18-1-бабына сәйкес алдын ала хабарламаны, мәліметтерді жолдауды қоспағанда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің ақпаратты, есепті, хабарламаларды тиісінше дәрежеде орналастырмауы, тұтынушылардың назарына жеткізбеуі және хабардар етпеуі және ұсынбауы, қызметтерді көрсету стандарттарын сақтамауы және жыл сайынғы аудитті өткізбеуі.
3. Ішінара тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
Жоспардан тыс тексерулер және өзге де бақылау мен қадағалау нысандары жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
4. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары субъективтік өлшемшарттар арқылы қалыптасады.
5. Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын анықтау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
1) алдыңғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, шамалы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
2) уәкілетті орган және (немесе) басқа мемлекеттік органдар жүргізетін тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) ресми интернет-ресурстар және бұқаралық ақпараттар құралдарын талдау;
4) өзге бақылау нысандарының нәтижелері.
6. Қолдағы бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: Өрескел, елеулі, шамалы.
Осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополия субъектілері үшін және 2-қосымшаға сәйкес реттелетін нарық субъектілері үшін субъективті өлшемшарттар анықталған.
7. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңістіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және шамалы дәрежені бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұндағы:
ΣРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Шамалы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 –шамалы бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР2 – анықталған шамалы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейін шкала бойынша есептеледі және елеулі және шамалы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:
ΣР = ΣРз + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің субъективті көрсеткіштері осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін қоса алғанда болған кезде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілгенде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексерулер жүргізілмегенде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды.
8. Талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардын деректері қолданылмайды.
9. Іріктеп тексеруді жүргізу саны жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
10. Іріктеп тексерулер реттеуші органның бірінші басшысы бекітетін, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде жолданады.
11. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығы;
2) мемлекеттік органның тексеру жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының жүктемесі ескеріле отырып жасалады.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша
Табағи монополия субъетілеріне арналған субъективтік өлшемшарттар
Субъективтік өлшемшарттар Бұзушылық дәрежесі
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша (ауыртпалық дәрежесі
төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
1 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мерзімде тұтынушының назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрі - Субъект) жеткiзу Шамалы
2 Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс ету Шамалы
3 Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету туралы Заңда белгіленген мерзімде осы қызметті көрсету кезінде уәкілетті органға хабарлама жіберу Шамалы
4 Субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес Субъект үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен
байланысы жоқ мүлiктің меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығында болуы Елеулі
5 Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ Субъект үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) немесе олардың қызметiне қатысудың өзге нысандарының болуы Елеулі
6 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру) Елеулі
7 Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру Елеулі
8 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) оларды ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемеріне) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзу Елеулі
9 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражаттарды мақсатсыз пайдалануға жол беру Елеулі
10 Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану Елеулі
11 Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін Субъектіге байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттау Елеулі
12 Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен шығындары Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру Елеулі
13 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу Елеулі
14 Өңірлік электржелілік компанияларды, сондай-ақ Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындау Елеулі
15 Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ өзге де ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу Елеулі
16 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулымен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу Елеулі
17 Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен төмендету Елеулі
18 Өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру Елеулі
19 Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiн әзiрлеу Елеулі
20 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау Елеулі
21 Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол беру Елеулі
22 Уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімдерге нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін төмендету Елеулі
23 Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты ұсыну не алдын ала хабарламаны жолдау Елеулі
24 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару Елеулі
25 Субъектіні мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу туралы Субъектінің өтінішіне ұсынылған уәкілетті органның алдын ала келісімінің болуы Елеулі
26 Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді оларды қайта қарауға Заңда белгіленген мерзімде ұсыну Елеулі
27 Заңның 7-бабының 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша ұсыну Өрескел
28 Заңда рұқсат етілген қызметті қоспағанда, уәкілетті органнан алынған келісімнің негізінде өзге қызметтен өзге қызметтерді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау Өрескел
29 Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтау Өрескел
30 Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзгеше тану жөнінде салынған тыйымды сақтау Өрескел
31 Субъектiлердiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-қимылдар жасауға салынған тыйымды сақтау Елеулі
32 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтау Елеулі
33 Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтау Елеулі
34 Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтау Елеулі
35 Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету бойынша салынған тыйымды сақтау Елеулі
36 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлар ұсыну Елеулі
37 Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушылар үшiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) бiрыңғай деңгейлерi бойынша ұсыну Өрескел
38 Тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату Елеулі
39 Есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндiрiп алу Елеулі
40 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол беру Елеулі
41 Заңның 7-бабының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну Өрескел
42 Тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтау Шамалы
Тексерілетін субъектілер ұсынатын есіптілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша
43 Уәкілетті органның талабы бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбау Шамалы
44 Заңда белгіленген мерзімде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынбау Шамалы
45 Заңда белгіленген мерзімде тарифтік сметанын орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынбау Шамалы
46 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Заңда белгіленген мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырмау Шамалы
47 Заңда белгіленген мерзімде уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) төмендеуі туралы хабардар етпеу Шамалы
48 Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған кезде, Субъектiнің тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде ұсынбау Шамалы
Ресми интернет-ресурстардың және бұқаралық ақпарат құралдарының талдау нәтижелері бойынша
49 Субъектісінің интернет-ресурсында орналастырып және оны мерзімді баспа басылымдарында жариялап, акционерлік қоғамдар болып табылатын Субъектілері үшін аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізбеуі Шамалы
50 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастырмау Шамалы
51 Тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттерінің, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы тоқсан сайынғы ақпаратты орналастырмау Шамалы
52 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында беруді қамтамасыз етпеу Шамалы
53 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруді жүргізбеу Елеулі
54 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды жарты жылда бір рет инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы хабардар етпеу Шамалы
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша
Реттелетін нарық субъетілеріне арналған субъективтік өлшемшарттар
№
№ Субъективтік өлшемшарттар Бұзушылық дәрежесі
Тексерілетін субъектілер ұсынатын есіптілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша
1 Заңда белгіленген мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін ұсынбау Шамалы
2 Заңда белгіленген мерзімде уәкілетті органға өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы ақпаратты ұсынбау Шамалы
3 Реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларын орындамау Елеулі
4 Уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органға оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсынбау Шамалы
5 Заңда белгіленген мерзімде, шекті бағада ескерілген, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынбау Елеулі
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша
(ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
6 Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар ету Шамалы
7 Заңда белгіленген мерзімде баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты ұсыну Шамалы
8 Уәкілетті орган бекіткен реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібін сақтау Елеулі
9 Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету арқылы қайтару Елеулі
10 Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару жөніндегі талапты сақтау Өрескел
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрыққа 2-қосымша
Табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағы
____________________________________________________________ қатысты
Тексеруді тағайындаған орган_______________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы_______________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
№ Талаптар тізбесі Талап еті-леді Талап етіл-мейді Талап-тарға сәйкес келеді Талап-тарға сәйкес келмейді
1 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мерзімде тұтынушының назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрі - Субъект) жеткiзу
2 Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс ету
3 Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету туралы Заңда белгіленген мерзімде осы қызметті көрсету кезінде уәкілетті органға хабарлама жіберу
4 Субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес Субъект үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен
байланысы жоқ мүлiктің меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығында болуы
5 Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ Субъект үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) немесе олардың қызметiне қатысудың өзге нысандарының болуы
6 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру)
7 Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру
8 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) оларды ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемеріне) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзу
9 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражаттарды мақсатсыз пайдалануға жол беру
10 Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану
11 Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін Субъектіге байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттау
12 Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен шығындары Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру
13 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу
14 Өңірлік электржелілік компанияларды, сондай-ақ Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындау
15 Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ өзге де ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу
16 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулымен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу
17 Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен төмендету
18 Өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру
19 Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiн әзiрлеу
20 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау
21 Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол беру
22 Уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімдерге нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін төмендету
23 Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты ұсыну не алдын ала хабарламаны жолдау
24 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару
25 Субъектіні мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу туралы Субъектінің өтінішіне ұсынылған уәкілетті органның алдын ала келісімінің болуы
26 Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді оларды қайта қарауға Заңда белгіленген мерзімде ұсыну
27 Заңның 7-бабының 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша ұсыну
28 Заңда рұқсат етілген қызметті қоспағанда, уәкілетті органнан алынған келісімнің негізінде өзге қызметтен өзге қызметтерді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау
29 Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтау
30 Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзгеше тану жөнінде салынған тыйымды сақтау
31 Субъектiлердiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-қимылдар жасауға салынған тыйымды сақтау
32 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтау
33 Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтау
34 Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтау
35 Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету бойынша салынған тыйымды сақтау
36 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлар ұсыну
37 Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды,